Қазақстанда 305 шенеуніктің құмар ойын ойнап, 507 миллион шығын келтіргені үшін бірқатар қызметкерлер жауапқа тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Егер біздің агенттікке ерекше тоқталатын болсақ, бұл тексерістің қорытындысы бойынша біздің бірқатар қызметкерлер анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Төрт қызметкер қызметтік тапсырмаларға байланысты казинода болған, ал екі адамға қатысты екі қызметкер бойынша фактілер расталды, аталған қызметкерлер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Нұрлан Әдалиев.Айып тағылған қалған қызметкерлер тексеріс басталмай тұрып жұмыстан шығып кеткені белгілі болды.
Taulik.kz