Журналист-зерттеуші Болот Темиров президент Садыр Жапаров пен МҰҚК басшысы Камчыбек Ташиевтің үстінен өзіне жала жапқаны үшін арыз түсірмек. Бұл туралы taulik.kz Temirov Live youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Жапаров пен Ташиевтің «біреудің әскери билетін ұрлап, ондағы суретті ауыстырып, тегін қоя салып, соған негізделіп паспорт жасатқан» деген сөздерін еске слады.
«Садыр Жапаров пен Камчыбек Ташиевтың жалған құжат туралы айтқандары – өтірік және жала. Менің заңды құқығым – олардан дәлел сұрау», – деді Темиров.
Темировтың айтуынша, ол адвокатымен бірге бірнеше рет арыз түсірген, бірақ қабылдамаған. Дегенмен ол бұл әрекетті қайта-қайта жасай беретінін айтты.
«Біз материалдық компенсация талап етпейміз, бізге керегі сөздерінің жалған екенін мойындау» – деп түсіндірді журналист.