Қызбен кездесуге полицейдің формасын киіп барған жүк тасымалдаушы жазаланды
«Қала тұрғынының ішкі істер бөліміндегі қызметке қатысы жоқ екені анықталды. Жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейді. Жігіт қызбен кездесуге баратыны үшін форманы кигенін түсіндірді», - деп хабарлады полиция.Қазақстанда әскери символикасы бар киімді, сондай-ақ арнайы киім-кешекті заңсыз киген адам айыппұл төлейді. Сондықтан ер адамға 5 АЕК – 15 900 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.