Тик-ток әлеуметтік желісінде өзге ұлт өкілінің “Қазақстан” шоколадын өз қыз ұзату тойының кішігірім сыйлығы ретінде дайындап жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Анықтағанымыздай, видео Бішкек қаласында түсірілген. Сезім Айбекова есімді 20 жастағы қалыңдықтың біздің “Қазақстан” шоколадын ұнатып, қонақтарға сый ретінде таратқысы келген.
“Қонақтар бағаласын, бағаламасын бұл сыйлықты дайындау процесінің өзі отбасы мүшелеріне әдемі көңіл-күй сыйлайды. Бақытты болыңыз. Расымен, өте дәмді шоколад”,- деп коментарий астына желі оқырмандары жарыса жазуда.
Tengrinews.kz тілшілері қалыңдықпен тілдесіп, танысты.
“ Үйде бес ағайындымыз. 4 қыз 1 ұл. Мен екіншісімін. Ата-анам алғаш рет қыз ұзатқалы жатқан соң, барлық заттың өте жоғары деңгейде болғанын қалады. Келген қонақтарға отбасымыздың атынан тарту ретінде кішкентай сыйлық жасағымыз келді. Ойыма бірден “Қазақстан” шоколады түсті. Өте дәмді ғой. Отбасым бірден қолдап, шоколадты әрлеуге кірісіп кеттік.”,- деді ол.
Қыз ұзаты салтанаты 22 қараша күні болған.
Taulik.kz