Мәзір
25 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Колизейді зерттеген ғалымдар 2 мың жыл бұрын көрермендердің қандай тамақ жегенін тапты

Колизейді зерттеген ғалымдар 2 мың жыл бұрын көрермендердің қандай тамақ жегенін тапты

Колизейді зерттеген ғалымдар 2 мың жыл бұрын көрермендердің қандай тамақ жегенін тапты Колизейді зерттеген ғалымдар 2 мың жыл бұрын көрермендердің қандай тамақ жегенін тапты
ашық дереккөзі

Римдегі Колизейдің кәріз жүйесін зерттеп жүрген археологтар екі мың жыл бұрын салынған көне амфитеатрдан гладиаторлар шайқасы мен басқа да спектакльдер кезінде көрермендер пайдаланған тағам қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Taulik.kz

Жыл бойына созылған зерттеу мамандарға Колизей астындағы күрделі гидротехникалық құрылыстарды зерттеп қана қоймай, Ежелгі Рим тұрғындарының әдет-ғұрыптары мен олардың күнделікті өмірімен танысуға біраз септігін тигізді.

Атап айтар болсақ, археологтар кәрізден інжір, жүзім, шие, қаражидек және қауын тұқымдарын, сондай-ақ экспромттық барбекю, зәйтүн, грек жаңғағы, т.б тағам қалдықтарын тапты.

Сондай-ақ, арена ішінде әртүрлі ойындарда пайдаланылған жануарлардың қалдықтары табылды: аюлардың, арыстандардың, ягуарлардың сүйектері, иттердің, арасында тіпті таксалар да болды.

Taulik.kz

Апта талқысында: