Петропавл әкімдігі 32 миллион теңгеге екі аялдама сатып алмақ
«Әкімдік қалада дайын тұрған жылы аялдамаларды сатып алмайды. Олар – жекенің қолындағы нысандар. Ал жаңа аялдамалардың біреуі қала орталығына, екіншісі Береке шағын ауданына орнатылады. Әзірге екеуін қоямыз. Кейін көре жатамыз», - деді ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.Айта кетейік, қалада жылы аялдамалар бастамасы осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Бұған дейінгілері іске аспағандықтан, қала тұрғындарының бұл бастамадан көңілі қалған.