Астана қаласына жаңа әкім тағайындалуы мүмкін
«Кейбір дереккөздердің ақпараты бойынша, Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалады. Ол 2019 жылдың қыркүйегінен бері Қарағанды облысы әкімінің қызметін атқарады», - делінген ақпаратта.Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «экономист-менеджер» мамандығы бойынша білім алады. Еңбек жолын Алматыдағы «Темірбанк» ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған.