Әкімдер бұдан былай қандай Amanat партиясында ешлауазым иеленбейді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Amanat партиясының өңірлік және аумақтық филиалдарында партиялық конференциялар өтті. Күн тәртібінде өңірлік филиалдардың биылғы 10 айдағы жұмысын қорытындылау, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағасы қызметінен босату мәселесі қаралды.
Биыл наурызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді. Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.
Конференция қорытындысы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай Amanat партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды. Партияның тиісті филиалдарындағы саяси кеңес бюросы мен саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.