Мәзір
26 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Желідегі жазбасы үшін: Біртановтың сотынан ақпарат таратқан белсендіге сотқа шағым түсті

Желідегі жазбасы үшін: Біртановтың сотынан ақпарат таратқан белсендіге сотқа шағым түсті

Желідегі жазбасы үшін: Біртановтың сотынан ақпарат таратқан белсендіге сотқа шағым түсті Желідегі жазбасы үшін: Біртановтың сотынан ақпарат таратқан белсендіге сотқа шағым түсті
ашық дереккөзі
Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты сот процесінен әлеуметтік желіде жазба жариялаған белсенді Сандуғаш Орынбаеваның үстінен сотқа азаматтық талап арыз түсті. Алғашқы отырысы 6 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Белсендіге қатысты сотқа талап-арызды Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевтің ісі бойынша айыптау куәгерлерінің бірі, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының сарапшысы берген.
«Ол менің жазбамдағы пікірлер ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептейді. Келтірілген залалды 500 мыңға бағалап отыр», – деді белсенді.
Айтуынша, өзі әлеуметтік желілерде ашық сот процессінде айтылған мәліметтерді ғана жариялаған.
Шындықты айтып, қалай залал кетіруге болады, түсінбеймін. Үнемі ашық сотта естігенімнің бәрін жариялап отырдым. Оқырмандарым мен достарым соңғы айлардағы барлық жазбаларым Біртанов-Әбішев соты туралы екенін жақсы біледі. Менің биыл 14 қазанда жазған жазбамдағы мәліметтердің барлығы сотта естіген мәліметтеріме сай келеді, – дейді Сандуғаш Орынбаева.

Апта талқысында: