logo
search
menu

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау уақыты белгілі болды

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау уақыты белгілі болды
26 қараша, 2022
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау уақыты белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап.
    «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы