logo
search
menu

Совет үкіметінен қалған елді мекендер атауын өзгертуге Ресей қатты ашулы

Совет үкіметінен қалған елді мекендер атауын өзгертуге Ресей қатты ашулы
27 қараша, 2022
Совет үкіметінен қалған елді мекендер атауын өзгертуге Ресей қатты ашулы
ашық дереккөзі

Мазмұны

    РФ Мемлекеттік Думасы халықаралық істер жөніндегі комитет басшысының орынбасары Дмитрий Новиков Қырғызстан Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиевтің «басқа тілдерден алынған елді мекендер атауы өзгертілуі керек» деген мәлімдемесіне шүйлікті, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq uni сайтына сілтеме жасап.  Ресейлік шенеуніктің айтуынша, «Қырғызстан Парламенті төрағасының Бішкектегі көше атауларын өзгеру туралы мәлімдемесі – тарихи байланыстарға соққы» көрінеді.
    Мен Ресей басшылығының орнында болсам, осындай шешімдерге қанағаттанбау тұрғысында өз ұстанымымызды білдіру бойынша әрекет ету қадамын қарастыруды ойластырар едім, - дейді Дмитрий Новиков.
    Сондай-ақ ол қырғыз елінде «антисоветтік рецедив» барын алға тартып отыр. Айтуынша, «мұндай кез келген көрініс өткен тарихымызға селкеу түсіріп, сана-сезімімізге әсер етеді» екен.
    «Бір қарағанда мұның барлығы ұсақ-түйек болып көрінгенмен, оның тамырына ерте бастан балта шапқан дұрыс», - деп кіжінді ресейлік депутат.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы