logo
search
menu
Екібастұз тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды
ашық дереккөзі

Екібастұз тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды

Екібастұз тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалды Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Компания хабарына қарағанда, 27 қарашада сағат 01:20-да №11 қазанагрегат тоқтап қалған. Сағат 01:30-да желілік судың көп шығындалуына байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары жұмыс істемей қалды.
"Қазіргі уақытта №8 және №14 қазанагрегаттары іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Taulik.kz