logo
search
menu

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады
28 қараша, 2022
Комадан шыққан Айдос Ербосынұлы қазақстандықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін отандастырына жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншоттарын жариялап, өзін алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.
    «Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда», - деп жазды Ербосынұлы.
    Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды. Бұдан әрі ол жасанды түрде комаға жіберіліп, ота жасалды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы