Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Университет оқытушысы студентке неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен (ВИДЕО)

Университет оқытушысы студентке неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен (ВИДЕО)

Университет оқытушысы студентке неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен (ВИДЕО) Университет оқытушысы студентке неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы студент қызға неліктен орамал тағып, намаз оқып жүрсің деп тиіскен, деп хабарлайды Taulik.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап. Ұстазының тәлімгерді тергеп, оған университет ішінде намазға жығылуға тыйым салған сәтінің видеосын Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасында жариялады. Блогер намазхан студентке қысым көрсеткен әйел университеттің деканы екенін жазды. Видеода бастапқыда оқытушы қыздан қандай дінді ұстанып жүргенін сұрайды. Ал студент өзінің ислам дінінде екенін айтады. Содан соң оқу орнының ішінде намазға жығылып жүргенін естіп, тәлімгерге ұрыса бастайды.
Неге оқисың сен? Кім саған рұқсат берді? Ешқандай рұқсат жоқ. Біздің университет религиялық университет емес. Сен онда «Нұр Мүбәракқа» түсуің керек еді, - деп жекіп тастайды оқытушы.
Тіпті журналистиканы оқитын студентке сені ешқандай телеарна жұмысқа алмайды деп ұрысады. Одан соң оқиғаның немен өрбігені белгісіз. Намазхан қыз оқытушының осы сөздерінен кейін кетіп қалады.

Апта талқысында: