logo
search
menu

Қытайдың бірқатар қаласында ереуілдер басталды

Қытайдың бірқатар қаласында ереуілдер басталды
28 қараша, 2022
Қытайдың бірқатар қаласында ереуілдер басталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қытайда биліктің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шараларына қарсы шыққандардың ереуілі күшейіп барады, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Дереккөзге сүйенсек, үкіметтің коронавирусқа қарсы шараларына наразылық танытқандар енді саяси және үкіметке қарсы ойларын айта бастаған. Мәселен, Шанхай, Бейжің және Нанкина қалаларының көшелеріне мыңдаған адам шыққан. ВВС тілшілері жергілікті полиция ереуілшілерді полиция көлігіне қамап жатқанын айтады. Қытайдың ең ірі қалаларының бірі, сондай-ақ бүкіл әлемнің қаржы орталығына айналған Шанхай қаласында қазір халық «Си Цзиньпин, кет!» деп ұрандатып жатыр. Қазір халық көшеге шыққан қалаларда полиция күні-түні жұмыс істеп тұр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы