Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан бірікпек: Жаңа одақ не үшін қажет?

Қазақстан мен Өзбекстан бірікпек: Жаңа одақ не үшін қажет?

Қазақстан мен Өзбекстан бірікпек: Жаңа одақ не үшін қажет? Қазақстан мен Өзбекстан бірікпек: Жаңа одақ не үшін қажет?
ашық дереккөзі
Қазақстан Үкіметі өзбек әріптестерімен бірлесіп, тиісті келісімнің жобасын әзірлеп шықты, деп хабарлайды Taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Сыртқы істер министрлігі елең еткізерлік жаңа құжатты ел назарына ұсынды. Ол – «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы» деп аталады. Екіжақты келісім жобасына қатысты түсіндірме жазбасында қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мұхтар Тілеуберді аталған шартқа қол қоюдағы күтілетін нәтиже – «екіжақты ынтымақтастықты одақтастық қатынастар деңгейіне дейін көтеру» екенін мәлімдеді. Бауырлас қос ел бұған дейін одақтас саналмаған. Өйткені Өзбекстан Еуразиялық одаққа мүше емес. Ол Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына да кірмейді. Екі елді тек Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Түркітілдес елдер ұйымы, АӨСШК біріктіреді. Бірақ бұл ұйымдар өзіне енген мемлекеттердің көшбасшыларын ара-тұра саммитке жинағаны болмаса, барлық қатысушыға орындауға міндетті құжаттарды тұрақты шығармайды. Жалпы екі елдің одақтас болатыны өткен жылдың соңында айқындала бастады. 2021 жылғы 6 желтоқсанда Ташкентке сапарлаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сырт көзден таса, оңаша келіссөздерінен соң, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Одақтастық қатынастар туралы декларацияға қол қойды. Бірақ бұл жай ғана декларация еді. Енді ол арнайы шарт және заң жобасы ретінде бекітілмек. Шартта атап өтілгендей, бұл «қазақ-өзбек достығын дамытудың және көпқырлы өзара ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңі» болады. Бұдан бөлек одақ аясында қос мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары арасында тығыз ынтымақтастық орнатылмақ. Одақтастардың өзара тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, транзит және логистика салаларында өзара тиімді әріптестікті дамытуға Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия, сонымен қатар Өңіраралық ынтымақтастық форумдары қызмет етеді. Екі ел халықтарының алыс-беріс, барыс-келісін арттыру бағытында жаңа шаралар қабылданады.

Апта талқысында: