Ресейліктердің жаппай тұрғын үй сатып алып жатқанына қарсы петиция жарияланды
Иммиграция толқыны фонында көбейген украиндар мен ресейліктердің Антальядағы тіркелмеген жылжымайтын мүліктер нарығына қатысушылары саны 10 мыңға дейін жетті. Осы адамдар WhatsApp-та өздерінің жүздеген адамдардан тұратын топтарын ашып алып, нарықтағы жұмыс тәртібін бұзып отыр. Олардың тәжірибелері жоқ. Бірақ келе сала, ұзамай Антальядағы жылжымайтын мүліктер нарығына бақылау жүргізе бастады, – делінген онда.Түріктің Hurriet Daily News басылымы сондай-ақ, ресейлік және украиналық риэлторлардың жылжымайтын мүліктер нарығындағы ахуалды күрт өзгертіп жібергенін жазды. Олар онсыз да қымбат үйлер бағаларын одан әрі көтеріп жіберіп жатыр. Ал саны жағынан түрік агенттіктерінен де аса бастады. . Түркияда тұрғын үйдің бағасы 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қазан айына дейін 24 есеге өскен. Биылғы қаңтардан бері Антальяға 11 млн адам келіп-кеткен. Агенттік жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйене отырып, қалаға күн сайын 15-20 мың ресейліктің келетінін хабарлады.
Taulik.kz