Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

НАТО-ның Украинаға көмектесетін шамасы жетпей жатыр

НАТО-ның Украинаға көмектесетін шамасы жетпей жатыр

НАТО-ның Украинаға көмектесетін шамасы жетпей жатыр НАТО-ның Украинаға көмектесетін шамасы жетпей жатыр
ашық дереккөзі
НАТО-ға мүше 30 елдің 20-сы, негізінен шағын мемлекеттердің Украинаға беретін қару-жарағы таусылуға шақ қалды. Бұл жөнінде әскери-саяси одақ өкіліне сүйенген The New York Times басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.  Басылым дереккөзінің хабарлауынша, қалған елдер негізінен ірі одақтастар – Франция, Германия, Италия, Нидерландының әзірге Киевке әскери көмек беруге шамасы бар. Дереккөздің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері НАТО Украинаға құны 40 млрд доллар болатын қару-жарақ берген. Бұл Францияның қорғаныс саласына жұмсайтын бюджетімен пара-пар. Еуроодақ Украинаға көмек берген одақ мүшелеріне Еуропа бейбітшілік қорынан үш млрд доллар қаражат беруді мақұлдаған, алайда қордың ақшасының 90 пайызы жұмсалып қойған. The New York Times басылымының жазуынша, соғыс кезінде екі тарап Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері болмаған қару-жарақ пен оқ-дәріні шығындап жатыр. Батыс елдері мұндай сценарийге дайын болмаған. Басылым Ауғанстандағы жағдайды мысалға келтіреді, онда НАТО әскері күніне артиллериямен 300 снаряд атқан, онда да әуе шабуылынан қорғайтын жүйеге алаңдамаған. Украина қарулы күштері күніне мыңнан астам зымыран жібере алады, ал Ресейдің шығыны одан да көп. Украина Ресей снарядтарынан қорғайтын жүйеге де зәру.
Taulik.kz

Апта талқысында: