Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қара пейілділер көп: Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты ерекше мақтады

Қара пейілділер көп: Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты ерекше мақтады

Қара пейілділер көп: Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты ерекше мақтады Қара пейілділер көп: Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты ерекше мақтады
ашық дереккөзі
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram парақшасына Тоқаевты мақтап пост жазды, деп хабарлайды Taulik.kz
Әлемдік деңгейдегі ауқымды идеялардан бастап, қарапайым ауылдың сұрағына дейін толық түсінетін жан-жақты, сан қырлы тұлға президентіміз болып сайланды. Қасиетті Меккеде «Елім аман болсын» деп тілеген дұғасы қабыл болып, аман елдің ауыр жүгін әділдікпен, адалдықпен алып жүруіне Алла Тағала жәрдем етсін! - деп жазды ол.
Оның пікірінше, қиын жағдайлардың бәрінде ел жанынан табылып, әр болған жағдайға төтеп бере білуіміз қажет.
«Күшті әлсізді басынып, көп азды тықсырып, қара ниеттілер қарқындап, ақ пейілділер аһ ұрып тұрған заманда, қазақтың көк туы қияметке дейін тозбай желбіреп, кеңшілік пен молшылықта қайғы-қасыретсіз ғұмыр кеше берейік!» - деді Мұхамеджан Тазабек

Taulik.kz

Апта талқысында: