Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Есек құрлы болмағаны ма: Әйелдердің зейнет жасын 58 ету бойынша митинг өтпек

Есек құрлы болмағаны ма: Әйелдердің зейнет жасын 58 ету бойынша митинг өтпек

Есек құрлы болмағаны ма: Әйелдердің зейнет жасын 58 ету бойынша митинг өтпек Есек құрлы болмағаны ма: Әйелдердің зейнет жасын 58 ету бойынша митинг өтпек
ашық дереккөзі
Блогер Бақытжан Көпбаев 4 желтоқсан күні Шымкент қаласында әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін түсіру мәселесі қозғалатын митинг өтетінін жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz
«Митинг қалалық әкімдікпен келісілген. Тақырыбы – әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін түсіру керек. Мұның алдында да Шымкенттегі Наурыз алаңында митинг өткізген болатынбыз. Сол митингте адамдар аз келгендіктен де, үкімет бізді естігісі келмеді. Енді барлығыңызды шақырамыз», - дейді ол.
Блогер өз мақсаты әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін қысқарту екенін айтты.
«Ең төменгі зейнетақы көпбалалы аналарға 25 мың теңге. Мынау жанымыздағы зообақта бір есектің бір айдағы ақысының содан көп. Есек құрлы болмағаны ма сонда? Бәріміз бірдей талап етейік! Митингке келіңіздер!» - дейді ол.

Taulik.kz

Апта талқысында: