Мәзір
28 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?

Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?

Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады? Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?
ашық дереккөзі
Осы жылдың желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электрондық кезек іске қосылады, деп хабарлайды Taulik.kz LS-ке сілтеме жасап. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда оны іске қосу жоспарда бар. Бұл өтініш берушіге өтінімді электрондық ресурста жіберіп, кейіннен қарыз берілген сәтке дейін ағымдағы мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Электрондық кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды, - деп түсіндірді министрлікте.
Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.

Апта талқысында: