«Бүгін Владимир Владимирович үшжақты одақ құру жөнінде айтты. Қосымша келісуді және тіпті келіссөздерді қажет ететін мәселелер бар. Қандай жағдай болса да, келісімдер жасап, қажетті нәтижеге жету үшін біз де бұл тақырыпқа тереңірек үңілуіміз керек. Негізінде біз дайынбыз. Неге жасамасқа», - деді Тоқаев.Ал Мишустин Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама өскенін айтты.
Путин Тоқаевқа Ресей, Қазақстан және Өзбекстан одағын құруды ұсынды
Путин Тоқаевқа Ресей, Қазақстан және Өзбекстан одағын құруды ұсынды
29 қараша, 2022

Мазмұны
Тоқаев Ресей Федерациясының премьер-Министрі Михаил Мишустинмен кездесуде Путиннің Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның «үшжақты одағын құру» идеясы туралы айтты. Яғни Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей және Өзбекстанмен үшжақты одақ құру мәселесін қарауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы