«Елордада 28 қарашада сағат 18:40-та «Газовик» ЖШС-ның құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан «Көктал-1» ауданында газ беру қызметі толығымен тоқтатылды. Зақымданған газ құбыры ГРПШ-14,15,16-ны табиғи газбен қамтамасыз ететін. 236 абонент газсыз отыр. Апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қызметі қайта қалпына келтірілетін болады», - делінген хабарламада.
Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды
Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды
29 қараша, 2022

Мазмұны
Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды, деп хабарлайды Taulik.kz «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы