Павлодар облысының тұрғындары бір айы бойы ұялы байланысты тегін пайдаланады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Tele2/Altel Екібастұздағы 17 мың абонентке басқа операторлардың нөмірлеріне 45 минут және 45 тегін SMS беріп отыр. Бұдан бөлек, 8 ГБ интернет-трафик аударылады. Бұл пакет 28 қарашада іске қосылды. Мерзімі – 30 күн.
Ал Kcell Павлодар облысындағы абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа операторларға тегін 20 минут қоңырау шалуға мүмкіндік беріп отыр.
Бонустық ресурстарды 28 қарашадан бастап бір аптаның ішінде пайдалану қажет. Абоненттерге арнайы SMS хабарлама жіберіледі.
Taulik.kz