logo
search
menu

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
29 қараша, 2022
Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Биыл желтоқсан айында қазақстандықтар 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Taulik.kz. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні демалыс болмайды. Биыл 1 желтоқсан бейсенбіге сәйкес келеді және толық жұмыс күні. Сондай-ақ биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан – жұмыс күні. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болады. Яғни 16 желтоқсан және сенбі, жексенбі күнгі демалыстарды қосқанда қазақстандықтар желтоқсанда 10 күн демалады. Қазақстанда жылдың соңғы күні жұмыс күні болады. Бірақ биыл 31 желтоқсан сенбіге келгендіктен, бес күн жұмыс істейтіндер үшін де демалыс болады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы