logo
search
menu

Қаңтар қырғынында әскери қызметкерді өлтірген тұрғын 17 жылға сотталды

Қаңтар қырғынында әскери қызметкерді өлтірген тұрғын 17 жылға сотталды
30 қараша, 2022
Қаңтар қырғынында әскери қызметкерді өлтірген тұрғын 17 жылға сотталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметшінің өліміне кінәлі болған Қызылорда тұрғыны 17 жылға сотталды.  Бұл туралы Қызылорда облыстық соты хабарлады. «2022 жылдың 5 қаңтарында сотталушы сауда үйінің алдындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, әскери қызметшіге күш қолданып, оның басқаруындағы «Камаз» маркалы әскери көлігін басып алып, оның руліне отырып, газ педалін еденге дейін басып, кірпішпен тіреп, шегініп жатқан әскери қызметшілер сапына қарай бұрып, өзі көліктен секіріп түскен. Салдарынан жүк көлігі әскери қызметшіні басып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», -делінген хабарламада. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарына тіркелген бейнежазбалармен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен дәлелденеді. Қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сотталушыны 17 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарылды. Терроризм актісі эпизоды бойынша сотталушы ақталды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы