logo
search
menu

Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды

Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды
30 қараша, 2022
Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды, - деп хабарлайды Taulik.kz Primeminister.kz-ге сілтеме жасап. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов - апат орнында.
    Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешу. Төтенше жағдай салдарын жедел жою барысы бақылауға алынды.
    Қазіргі уақытта ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істейді. 143 көп қабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үй аралау шарасы жалғасып жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы