Мәзір
30 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Тоқаев Францияда: Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылмақ

Тоқаев Францияда: Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылмақ

Тоқаев Францияда: Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылмақ Тоқаев Францияда: Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылмақ
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Taulik.kz Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру туралы айтты.
Президент Эммануэль Макрон Қазақстан Францияның стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Елдер арасында сауда-экономикалық байланыстар белсенді дамып, бірлескен энергетикалық жобалар жүзеге асырылуда. Еуропалық Одақ түрлі қазақстандық жобаларға белсенді түрде инвестиция салуда. Эммануэль Макрон сонымен қатар 2024 жылы Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылатынын хабарлады. Француз тарапы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын білдірді. Тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азиядағы жағдайды талқылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронды Қазақстанға келуге шақырды.
Taulik.kz

Апта талқысында: