Чехияның "Путин үшін сыйлық" қоғамдық бастамасы Ресей Федерациясының елшілігіне тиесілі ғимараттарда электр қуатын өшіру туралы петиция жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Біз электр және су жеткізушілерінің Ресей Федерациясына тиесілі Прагадағы барлық ғимараттарды қуат көздерінен ажыратқанын қалаймыз. Олар, мысалы, киевтіктер сияқты, қараңғы түскеннен кейін жаурап отырсын", - делінген петицияда.Авторлар бұл бастама ресейлік басқыншылардың Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын жүйелі түрде бұзуына жауап екенін атап өтті.
"Ресей Украинаны қараңғылықпен және аязбен алмақшы. Жоғары моральдық қағида ретінде тиісті мемлекеттік және жеке энергия таратушы компаниялардан Прагадағы ресейлік дипломаттарға өз “дәрі-дәрмектерінің” дәмін татуға мүмкіндік беруді сұраймыз. Біз Ресей Федерациясына тиесілі барлық ғимараттарды газдан, судан және электр энергиясынан ажыратуды талап етеміз", - делінген петиция мәтінінде.“Путинге арналған сыйлық” жобасы ақпан айынан бастап Ресейдің кең ауқымды шабуылына қарсы тұрған Украинаны қолдауға бағытталған. Интернет-дүкен ретінде басталған жоба барлық тілек білдірушілерге өте ерекше тауарларды себетке салып, картамен төлеуге мүмкіндік береді: патрондар, артиллериялық снарядтар, автоматтар, түнгі көру құралдары, минометтер, сауыт-саймандар, зымырандар және тіпті ауыр техника. Жиналған ақша Прагадағы Украин елшілігінің шотына түседі, бұл қаржыға Украина қарулы күштерінің өзекті қажеттіліктері негізінде Чехиядан қажетті қару-жарақ немесе басқа әскери материалдар сатып алынады.
Taulik.kz