Мәзір
30 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Адамдардың неге өсек айтатыны белгілі болды

Адамдардың неге өсек айтатыны белгілі болды

Адамдардың неге өсек айтатыны белгілі болды Адамдардың неге өсек айтатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Өсек адамның өмірін құртып жіберетіндей күшке ие. Адамдар неліктен өсек айтады? Ғалымдар бізді өсек несімен қызықтыратынын анықтау мақсатында көптеген зерттеулер жүргізеді. Олардың ойынша, адамдардың өсек айтуының кең тараған 4 себебі төменде көрсетілген:
  1. Айналасындағылармен жақындасу үшін
2006 жылы Америкалық психологиялық қауымдастық журналында жарияланған зерттеу айналасындағылар жайлы жағымсыз ақпаратпен бөлісу адамдарды бір-бірімен жақындастыра алатынын көрсетті. Тәжірибе басқарушысы Дженнифер Боссон нәтижелерге анализ жасай келе осындай күтпеген шешімге келді. Оның айтуынша, позитивті емес, жағымсыз өсек ғана адамдарға жақындық сезімін сыйлаған. Сондай-ақ егер әңгімелесушілердің қандай да бір адам жайлы екеуі де жағымсыз пікірде болса, олар бір-бірімен жылдам тіл табысып кететіні анықталған.
  1. Айла-шарғы жасау үшін
Өсек манипуляцияның тиімді стратегиясы бола алады. 2019 жылы нидерландиялық Теренс Крус өткізген зерттеуінде өсектің жағымды және жағымсыз себептерін сипаттаған. Бұл зерттеу бойынша, басқа адамдар жайлы айтылған жағымды нәрселер көп жағдайда шын болып шыққан және оларға еш зиянын тигізбеген. Ал жағымсыз өсектерде өтірік үлесі жоғары: кей адамдар қандай да бір  адам туралы басқалардың ойын өзгерту үшін, оны басқалардың пікіріне сай ету үшін немесе оның сенімін өзгерту үшін оны өсектеген. Манипуляторлар өсектердің көмегімен шынымен де ойлағанына жетеді. Себебі өсектің астына қалған көпшілік адам өзі жайлы жағымсыз пікірлерді өзгерту үшін өзінің әрекеттерін өзгертуге тырысады. Сондай-ақ қайтадан өсектің астына қалмас үшін де өзгергісі келеді.
  1. Басқаларды сақтандыру үшін
Қоғамда өсек айту әдетін жақтырмаса да, оның артында жақсы ниет тұруы мүмкін. АҚШ-тағы социология профессоры Робб Уиллердің зерттеуі бойынша, өсек айналадағыларды оларға зиян келтіруі мүмкін адамдардан қорғау әдісі болуы мүмкін. Мысалы, жаңа достың жылмақай және манипуляцияға бейім екендігін ескертеді.
  1. Өзін жақсы сезіну үшін
2017 жылы «Психоэндокринология» америкалық журналында жарияланған зерттеу өсектің окситоцин гормонының деңгейіне әсер ететінін көрсетті. Ол жағымды эмоцияларға жауап береді. Тәжірибеге студенттер тобы қатысты. Оларға курстас студент жайлы өсек айтуға себеп берді және басқа курстас қыздың зақымдалғаны және оған қолдау керегі жайлы әңгіме айтуды ұсынды. Ғалымдар екінші тақырыпқа қарағанда өсекті талқылау кезінде зерттеуге қатысушыларда окситоцин көбірек бөлінгенін анықтады. Осы нәтижелерге негізделе келе, ғалымдар өсек айтқанда адам өзін жақсырақ сезінетінін және күйзелістік жағдайларды жылдамырақ жеңетінін болжады.

Дереккөз: massaget.kz

Апта талқысында: