Мәзір
30 қараша, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Үш ауысымды мектептер баланы 5 жастан бастап қабылдауға дайын ба?

Үш ауысымды мектептер баланы 5 жастан бастап қабылдауға дайын ба?

Үш ауысымды мектептер баланы 5 жастан бастап қабылдауға дайын ба? Үш ауысымды мектептер баланы 5 жастан бастап қабылдауға дайын ба?
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Оқу-ағарту министрлігінің жаңа заңына шүйлікті, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Министрліктің биыл 30 тамыздағы бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына" кезекті сұрақ туындады. Бұл балалардың мектепке дейінгі ұйымдарды бітіру мерзімдеріне қатысты. Жаңа ережелерде биыл, яғни 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толатын балалар мектептің бірінші сыныбына баруы керек. Мұндай балаларға толық алты жасқа толған күннен бастап бюджеттен қаржыландыру тоқтатылады. Бұл олардың оқу және мектепке дайындалу процесінен өтіп жатқан кезде болады. Жыл ортасында оқудан шығып қалмаудың бірден-бір жолы – баланы 5 жастан мектепке жіберу", - деді Смышляева министр Асхат Аймағамбетовке жолдаған сауалында. "Оқушылар сыймайтын және үш ауысымды мектептер бес жасар балаларды қабылдауға дайын ба? Бұл мектептердегі орын тапшылығына байланысты орынды ма? Сонымен, ата-аналар бес жасар баланы мектепте беруге дайын ба?", - деп сұрады депутат.

Taulik.kz

Апта талқысында: