Әділет министрлігі «Байтақ» партиясын тіркеді. Бұл туралы партия жетекшісі Азаматхан Әміртай Facebook парақшасында хабарлады.
Он жылда алғаш ресми тіркелген жаңа партия экология мәселесін шешуді мақсат тұтады. Партияның қиындықсыз тіркелуін Әміртайдың "билікке жақындығымен, қолайлығымен" байланыстыратындар бар.
Партия ертең, 1 желтоқсанда баспасөз маслихатын өткізеді. Қазақстанда партия құруды көздейтін бірқатар азаматтық-оппозициялық бастамашыл топ өкілдері билік түрлі себеппен тіркеуден бас тартатынын жиі шағымданады. Ресми тіркелген партия саны алтау. Оның үшеуі Мәжіліске өткен.
Taulik.kz