Екібастұздағы апаттың басты себептері қандай? – Смайылов жауап берді
«Қазіргі жағдайдың себептері жылу желілерінің әбден тозуы және жылу орталығы басшылығы тарапынан немқұрайдылық пен инвестициялардың жеткіліксіздігі болып отыр. Тиісті тергеу жүргізіліп жатыр және барлық жауапты және кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», – деді Премьер-Министр.Сонымен қатар Үкімет басшысы ЖЭО иелерімен тиісті жұмыс жүргізілетінін, биылғы жылыту маусымында олар толығымен ТЭЦ пен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінін жеткізді.