logo
search
menu

Нығматуллиннің туысы СҚО әкімі боп тағайындалды

Нығматуллиннің туысы СҚО әкімі боп тағайындалды
1 желтоқсан, 2022
Нығматуллиннің туысы СҚО әкімі боп тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды. «Айдарбек Сейпелұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген жарлықта. Бұған дейін бұл қызметті Құмар Ақсақалов атқарған болатын. Сапаров 2019-2022 жылдар ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Orda.kz мәліметінше, Айдарбек Сапаров Әділхан Арыстановтың қайын атасы. Арыстанов – Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арыстан Нығматулиннің ұлы. Негізінде СҚО-ның жаңа әкімі Сапаров пен Нығматулиндер бір-біріне құда болып келеді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы