Елордада қасақана АИТВ (ВИЧ) жұқтырған ер адам 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының инфекцияны эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Інжу Аймағамбетова АИТВ-инфекциясын әдейі жұқтыру жиі кездеспейтінін, алайда деректер болатынын атап өтті.
Биыл ер адам өзінің АИТВ-статусын ескертпей, көңіл қосқан әйелге инфекция жұқтырды. Кейін сот процесінде бұл оның жалғыз жыныстық қатынасы болғаны анықталды. Сондықтан материал тергеу органдарына берілді. Қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр, - деді Інжу Аймағамбетова.
Ол күдікті Ресей азаматы екенін атап өтті.
«Ресейлік жүк көлігін айдап келген. Осында бір әйелмен танысқан. Біз эпидемиологиялық тергеу жүргіземіз, жұқтыру жолын, инфекцияның ықтимал көзін табамыз. Кейін бұл адамға аурудың кімнен жұғуы мүмкін екенін айтамыз. Осылайша, қасақана ауру жұқтырған адамды сотқа беруге болады», - деді маман.
Інжу Аймағамбетова АИТВ инфекциясы табылған адам ақпараттандыру туралы келісімге қол қоятынын жеткізді. Науқас өзінің диагнозы туралы білетіндіктен, бұл үшін жауапкершілік жүктеледі. Егер ол жыныстық қарым-қатынасқа түссе, төсектесіне АИТВ туралы хабарлауға міндетті.
«Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымының басшысы Айна Мұқышева бұл жағдайға қатысты сот ісінің қалай жүргенін айтты.
Бүгін осы қыздың ісі бойынша сот отырысы өтті. Оған ауру жұқтырған ер адам 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Негізі оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Бірақ ол бұрын істі болмағандықтан, бұл мерзім қысқартылды, - деді басшы.