«28 қыркүйекте түстен кейін сүйегі табылды. Сол күні құзырлы органдар арқылы ДНҚ сараптамасын жасатуға бердік. Нәтижесі 30 қараша кешке шықты. Шамамен 60 пайыз сүйегі табылды. (...) Ол техникалық аймақта жарылыс болғаннан кейін бір жылдан аса уақыт іздеу жұмыстарын жүргіздік. Бір жыл 3 айдан кейін оны іздеу командасы тапты. Техникалық аймақ 175 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде қарамаған жеріміз жоқ. Топырақтың астынан тереңдіктен табылды», - деді Еркін Әбсадықов.Марқұмның әкесі Талғат Дәуітбаев қаралы хабарға әлі де сенбейтінін жеткізді.
Жүрек әлі де сенбейді. Бір жерде жүрген шығар дейміз. Бірнеше күн бұрын әскери тергеу басқармасынан хабарласып, Алматыда ДНҚ сараптамасы шыққанын, 99 пайыз сіздің ұлыңыз деп айтты, - дейді ол.
Taulik.kz