Екібастұздағы төтенше жағдайдың алдын ала себебі белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр апат жылу энергетикалық орталығында емес, желілерде болғанын айтты.
Энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті апатқа қатысты алдын ала тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижесі бойынша құбырлардағы ақау станция қызметкерлерінің қателігінен болған.
Салдарынан желідегі қысым артып, құбырлардың жарылуына әкеліп соқты.
Жылдар бойы ЖЭО мен желілер қалай басқарылғаны, жөндеулерге қанша қаржы бөлінгені қылмыстық істі тергеу барысында анықталады.
Taulik.kz