«Сондай-ақ қайыр сұраумен айналысатын 260 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық жеткізілген тұлғалармен әңгімелесу жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және жұмысқа орналасу үшін ақпараттар жұмыспен қамту орталықтарына берілді. 84 құқық бұзушы қабылдау-тарату орындарына, 51 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды», – деді Мадияр Айтуғанов.Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша жеке тұлғаларға ескерту не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер азамат құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған болса, онда ол 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам ұсталса, онда айыппұл мен 5 тәулікке дейін қамауға алудан басқа, ол елден тыс шығарылуы мүмкін.
Taulik.kz