Мәзір
2 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ажар Ғиният Біртановқа қатысты маңызды сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

Ажар Ғиният Біртановқа қатысты маңызды сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

Ажар Ғиният Біртановқа қатысты маңызды сұраққа жауап берді (ВИДЕО) Ажар Ғиният Біртановқа қатысты маңызды сұраққа жауап берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сотталған экс-әріптесі Елжан Біртановқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Сенаттағы Үкімет сағатынан шыққан ведомство басшысына журналистердің бірі: «Жақында Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты сот процесі аяқталды. Сіз сот үкімін қалай қабылдыңыз? Әріптестеріңіз сотталғанда жаныңыз ашыған жоқ па?», деп сұрақ қойды. Ажар Ғиният журналистің «сот процесі аяқталды» деген пікірімен келіспейтінін жеткізді.
Мен сізбен (сот процесі бітті – автор) келіспеймін. Менің ойымша, біз – зайырлы және құқықтық мемлекетпіз. Сот үкімі шыққанымен, сот бітті дегенді білдірмейді. Сондықтан шағым түсірілді, іс әлі қаралады. Біз сот процесін тек бақылап жүрген жоқпыз, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып жүр, - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, 28 қазанда Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке сот үкімі шықты. 9 қарашада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от HALYQ UNI ақпараттық порталы (@halyquni.media)

Апта талқысында: