Мәзір
2 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Мен осындамын»: Клебанов Екібастұз халқына үндеу жасады (ВИДЕО)

«Мен осындамын»: Клебанов Екібастұз халқына үндеу жасады (ВИДЕО)

«Мен осындамын»: Клебанов Екібастұз халқына үндеу жасады (ВИДЕО) «Мен осындамын»: Клебанов Екібастұз халқына үндеу жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«ОАЭК» АҚ акционері Александр Клебанов Екібастұз қаласының тұрғындарына үндеу жасап, қаладағы қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ete_ekb Instagram парақшасына сілтеме жасап. «Апаттың бірінші күнінен бастап мен және кәсіпорынның барлық қызметкерлері апаттың салдарын жою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық күшіміз осыған бағытталған. Апаттың өзіне қатысты айтып өтсем.
Алдымен – қазандық жұмысының тоқтап қалуына жылу желілерінің бұзылуы әсер еткен. Сол орындардағы ақауды реттеу үшін бос деген барлық мамандар жіберілді. ОАЭК басшылығы, «Екібастұзтеплоэнерго» мамандары және мен қалыпқа келтіру процесін бақылауда ұстап отырмыз. Қазір де, апаттың алғашқы күнінен бастап та мен осындамын.
Басқа өңірлердегі жүздеген мамандарымыз да осында келіп, қазіргі уақытта тұрғындарға атаулы қызмет пен көмек көрсетіп жатыр. Желіде біз Екібастұз ЖЭО-сын (жылу электро орталығын) мемлекеттің меншігінен алды деген теріс пікірлер кездеседі. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Себебі бұл активті 2008 жылы жеке компаниядан сатып алдық.
Жылу желілерінің тозу мәселесін бұған дейін де бірнеше рет көтердік. Алайда жеке компания ретінде тұтынушылар үшін белгіленген тарифтік бағаны көтере алмаймыз. Сол себептен де кәсіпорынның шығыны әуел бастан көп. Кәсіпорынның кірісі тіпті станцияны қамтамасыз етуге де жетпеді. Бұл жай ғана сөздер емес. Бұның бәрі қаржылық есеппен расталатын деректер.
Желіде ЖЭО-ны мемлекет меншігіне беруге дайын екендігіміз туралы ақпарат тарап жатыр. Бұған дейін де бірнеше жыл қатарынан ЖЭО-ны қала қарамағына беруге ұсыныс білдірдік. Осыны ескеру маңызды. Ал енді барлық жағдайды ескере отырып, қазіргі жайтты келтіруге және «Екібастұзтеплоэнерго» капиталына мемлекеттің де қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз.
Жалпы күрделі жұмыс процестері туралы көп айтпай-ақ қояйын. Өйткені қазір ең бастысы – адамдарға қалыпты өмір сүру жағдайын жасап беру. Ол үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеп жатырмыз. Қала тұрғындарының мұндай жағдайға тап болғанына қатты өкінемін. Өз тарапымнан жағдайдың шығу себептеріне қарамастан, компания апат салдарынан зардап шеккен үйлерді қалыпқа келтіру міндетін өз жауапкершілігіне алатындығын айтқым келеді», - дейді ол видеода.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТОО "ЭКИБАСТУЗТЕПЛОЭНЕРГО" (@ete_ekb)

Апта талқысында: