logo
search
menu

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Gucci топтамасында: Кадрдағы аспап домбыра ма?

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Gucci топтамасында: Кадрдағы аспап домбыра ма?
2 желтоқсан, 2022
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Gucci топтамасында: Кадрдағы аспап домбыра ма?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақтың ұлттық ою-өрнектері Gucci cosmogonie топтамасында пайда болды. Фотосуреттер әлемдік брендтің @Gucci ресми Instagram парақшасында жарияланды, онда 50 миллионға жуық оқырман бар, деп хабарлайды Taulik.kz ztb_kz Instagram парақшасына сілтеме жасап. Фотограф Мерт Алас пен Маркус Пигготт шығыс стиліндегі бейнелерді ұсынды. Бірақ Қазақстандық оқырмандар біздің мәдениетімізге жақын мотивтерді ғана емес, сонымен қатар елімізге бағытталған кейбір түсініксіз тұстарын да байқады. Кадрдағы музыкалық аспап көптеген адамдарға домбыраны, ал көркем безендірілетін әшекейлердің келесі бір түрі – шекелік және суыртпаны да еске түсірді. Олар мерекелік жағдайларға байланысты бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітіледі. Ал қазақстандықтар брендтің жарияланымында ризашылықпен, таңданыспен және наразылықпен пікірлер қалдырып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы