«Тілім сау, көріп тұрсыздар. Бірақ анау ертегі болушы еді, сол сияқты «отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын» деген болып қалдым. Жағдайым онша емес, өзім қимылдай алмаймын. Барша Қазақстанның тілегі болар, алпыс ақын көңілімді сұрап келді. Солардың тілегі шығар әйтеуір аманбыз. Емдеп жүрген дәрігерім қолдан келгеннің бәрін жасады. Енді Еуропаға барып емделем деген тілегімді қолдап, жіберіп отыр. Соңғы құжаттарым жасалып жатыр, соны күтіп отырмын. Бәйбішем, қыздарымды ертіп Швейцарияға баражатырмыз. Бұйыртса емделемін. Шынын айтсам жағдайымның қандай екенін өзім де білмеймін», - дейді ол.