logo
search
menu

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын еш жерде жарияланбаған видеосы табылды

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын еш жерде жарияланбаған видеосы табылды
3 желтоқсан, 2022
Заманбек Нұрқаділовтің бұрын еш жерде жарияланбаған видеосы табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет қайраткері, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бұрын еш жерді жарияланбаған видеосы жарыққа шықты, деп хабарлайды Taulik.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап. 1998 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қарасай батырдың 400 жылдығына арналған айтыс өткен. Қытайдың ең үздік бишісі атанған қандасымыз Шұғыла Сапарғалиқызы тарихи отанына келіп, сол айтыста «Бөрте» биін билейді. Айтыс біткен соң, сол кезде Алматы облысының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов көлік міңгізеді. Жақында «Кімнің есінде?» бағдарламасында көрсетілді.
    Шыңжаннан барып оқып, Бейжіңде жап-жас биші болып жүрген Шұғылаға бір қаттырақ қол шапалақтайық. Той-томалақтардан қалмай келіп жүр. Бірақ сол қол шапалақтаумен шектеліп жүрміз. Сондықтан жақында отбасылы болған қарындасымызға бір көлік міңгізейік, — деген болатын Заманбек Нұрқаділов.
    Шұғыла Сапарғалиқызы кейіннен Қазақстанға қоныс аударған. Үш баласы бар. https://www.youtube.com/watch?v=4CRx9QtfIBg
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы