Астанада Украина Елшілігіне «мина қойылғаны» рас па?
«1 желтоқсан сағат 17.50-де полицияға Украина Елшілігінің консулынан хабарлама келіп түсті. Айтуынша, электрондық поштаға сағат 15.08-де ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келген. Бұл факті Есіл ауданы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді», - делінген хабарламада.Тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Іс-шара эвакуациясыз өтті, қауіп жойылды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.