Мәзір
4 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Оңбағандар»: Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды

«Оңбағандар»: Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды

«Оңбағандар»: Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды «Оңбағандар»: Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды
ашық дереккөзі
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 2 желтоқсанда бірнеше қылмыстық іс бойынша жауап беру үшін Бішкектегі аудандық сотқа жеткізілді, деп жазды Taulik.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Атамбаевты түрмеден сот отырысына мемлекеттік айыптаушы Эрнест Асакеевтің айыпталушыны күштеп алып келу туралы өтінішінен кейін жеткізген. Сот залында экс-президент барлығымен амандасып, мемлекеттік айыпталушының әрекетін заңсыз деп атады.
«Мына оңбаған заңсыз бұйрықтарды орындап жатыр. Істі Сокенің кезінде (Сооронбай Жээнбеков) қозғаған және мына оңбаған прокурорлар бұл бассыздықты жалғастыруда», - деді Атамбаев.
Оның сөзінше, денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына келе алмайды. Қазір оның омыртқасы ауырады екен. Дегенмен экс-президентті күштеп алып келіпті. Сот залына судья Әзірет Медеров кіргенде айыпталушы «Оңбағандар» деп айқайлап, отырысқа қатысудан бас тартты. Атамбаев камера қабырғасын тепкілеген, ал қатысушылар «Масқара» деп айқайлаған. Кейін айыпталушыны сот залынан алып кетті.

Апта талқысында: