logo
search
menu

Танымал футболшы Пеле ауруханада ауыр халде жатыр

Танымал футболшы Пеле ауруханада ауыр халде жатыр
4 желтоқсан, 2022
Танымал футболшы Пеле ауруханада ауыр халде жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Әлемнің үш дүркін чемпионы әрі тарихтағы үздік футболшылардың бірі Пеле ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. ВВС агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, 82 жастағы Пелеге химиятерапия әсер етпегендіктен паллиативті көмек курсын қолдануға мәжбүр болған. Әдетте паллиативті көмек өмірге қауіпті немесе емделмейтін дертке шалдыққан пациенттердің ауырсынуын жеңілдетуге бағытталады. Бір жыл бұрын қатерлі ісікті алу отасын жасатқан спортшы жақында респираторлық инфекция жұқтырған. Футболшы ем қабылдап жатқан Сан-Паулудағы аурухана «Пеле әлі де ем қабылдауда және оның жағдайы тұрақты» деген хабарлама таратты. Кейінірек спортшының өзі:
    «Менің үмітім мен сенімім мол. Әрқайсыңыз көтеріңкі көңіл күйде болғандарыңызды қалаймын», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
    Қатарда өтіп жатқан футболда әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің соңғы туры алдында Бразилия мен Камерун құрамаларының ойыны кезінде жанкүйерлер Пелені қолдау акциясын ұйымдастырды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы