Екібастұзда қарт адам өз пәтерінде көз жұмды. Желіде оның үсіп өлгені туралы қауесет тарады. Бірақ полиция бұл қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған оқиға туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған сайттың хабарлауынша, шынымен де үйлердің бірінде зейнеткер көз жұмған, бірақ өлім суықтан болмаған.
Полиция мәліметінше, ер адам қан қысымының жоғарылығынан зардап шеккен. Жедел жәрдем стансасы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлаған.
Медициналық қызметкерлер үйге 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Ешқандай үсік шалу белгілері жоқ, – деп қосты стансаның баспасөз қызметі.
Басылым хабарлауынша, сағат 17:50-де полиция қызметкерлері шақырылған. Тәртіп сақшылары ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін нақтылады. Сондай-ақ қайтыс болған кезде ер адамның қасында әйелі болған. Полиция өкілдері тұрғындарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Taulik.kz