«Рюмка водки на столе» хитінің орындаушысы Санкт-Петербург тұрғынымен төбелесті. Бұл оқиға қала тұрғыны суретке түсуді өтінгеннен кейін болған. Бұған дейін әйгілі әнші тағы бір жанжалға тап болды, деп хабарлайды Taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2 желтоқсанда кешке болған. Бұл уақытта Григорий Лепс өз командасымен бірге барда демалып жатқан. Қонақтардың бірі атақты адамды көріп, суретке түскісі келген. Алдын ала ақпарат бойынша, әнші бұл өтінішке дөрекі түрде жауап беріп, бас тартқан.
Осыдан кейін қонақты күзет мекемесінен шығарып жіберген. Ер адамға бұл ұнамаған. Ол Григорий Лепс пен оның командасын балағаттаған. Содан кейін төбелес басталған. Санкт-Петербург тұрғынының денесі көгеріп, мұрны сынған. Басылым мәліметінше, әнші мен оның серіктерінің жарақаты туралы ақпарат болмаған.
Оқиғадан кейін ешкім ұсталмаған, бірақ полиция болған жағдайға байланысты тексеруді бастаған.
https://www.youtube.com/watch?v=bUMJRA5_VZg