«...Жеке меншік қарттар үйінің саны өсіп жатыр. Олар өздеріне қарай алмайтын қарттарға ақылы қызмет көрсетеді. Бүгінде олардың қызметі нормативтік актілермен реттелмеген. Олар үшін ереже жоқ әрі лицензия алмайды. Тіпті, мемлекеттік органдар да кейбір жекеменшік қарттар үйінің барын білмейді. Шағын және бизнесті тексеруге жарияланған мараторийға байланысты олардың жұмысын тексеру мүмкін емес. Онда қызметтер сапалы көрсетіліп жатыр ма, осы қызметтерді алып жатқандардың құқығы шектеліп жатқан жоқ па?», – деді ол ведомство басшысына сауалында.Алайда министрдің жауабы депутаттың көңілінен шыққан жоқ.
Сіз басқа тақырыпта сөйлеп жатырсыз. Біз жекеменшік қарттар үйі туралы айтып отырмыз. Олар порталда тіркелмеген. Олар өздері орталықты ашып, қарттарды алады. Олар еңбек инспекторларын шақырмайды. Олар базада жоқ. Ешкім тексеріп жатқан жоқ. Тіпті, олар туралы жергілікті атқарушы органдар да білмейді, – деді Зарина Камасова. Кешіріңіз, мен мүгедектігі бар адамдарға қатысты айттым. Сіз егде жастағы адамдар туралы айтып отырсыз. Бұл мәселе бойынша бірігіп жұмыс істейік, – деді министр.Депутатқа тағы да өткіз сауал жолданды.
«Біз әлеуметтік нысандарды жоспардан тыс тексеру немесе жалпы тексеру мәселесін зерделедік. Бұл мәселе бойынша түсінік бар. Президент әкімшілігіне ұсыныс енгіздік. Онда адамдардан шағым түссе, жоспардан тыс тексеру қарастырылған. Егер ұсынысымыз қолдау тапса, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тексеріс жүргізіледі», – деді министрдің орынбасары.
Taulik.kz