Taulik.kz
Қымбатшылық қысқан халық наразылыққа шығып, үкімет үйін басып алды
Қымбатшылық қысқан халық наразылыққа шығып, үкімет үйін басып алды
5 желтоқсан, 2022

Мазмұны
Моңғолиядағы наразылықтар үш күнге созылып, бүгін, 5 желтоқсанда шарықтау шегіне жетті. Мемлекет астанасы Ұлан-Батордың бас алаңына әр өңірден мыңдаған адам жиналған, деп хабарлайды Taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Наразылық білдірушілер өздерін "өте агрессивті" ұстағаны айтылады. Митингтен кейін олар Министрлер кабинетінің ғимаратына баса-көктеп кіре бастаған.
Жаппай наразылыққа Моңғолиядан Қытайға тасымалданған көмір ұрлығына қатысты жанжал себеп болған. Қолды болған сома шамамен 13 миллиард долларға жетеді. Сұр схемалар Қытай тарапының арқасында белгілі болды. Қытай тергеу жүргізіп, кінәлілерді өлім жазасына кесіп, жаппай ұрлыққа қатысы бар шенеуніктердің тізімі Моңғолияға жіберілген. Енді шерушілер кінәлілерді жазалауды талап етіп алаңға шықққан.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы